Ресейде сот Биволдың экс-әйеліне жапқан жаласын теріске шығаруды міндеттеді

АСТАНА. KAZINFORM — Санкт-Петербор қаласындағы Смольнин аудандық соты блогер Екатерина Биволдың бұрынғы күйеуі — боксшы Дмитрий Биволға қатысты жария айтқан пікірлері мен жазбаларын жалған және оның ар-намысына нұқсан келтіретін деп таныды. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

Суд в России обязал бывшую жену боксера Бивола опровергнуть клевету в его адрес
Фото: Екатерина Биволдың Instagram парақшасынан

Агенттіктің мәліметінше, сот Екатерина Биволды әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі парақшаларында өз сөздерін ресми түрде жоққа шығаруға міндеттеді.

Сот шешімінде жауапкер таратқан ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтіні, талап қоюшының ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретіні көрсетілген. Осыған байланысты Екатерина Бивол өзіне тиесілі және өзі басқаратын барлық сайтта, әлеуметтік желілердегі парақшаларда және мессенджерлердегі арналар мен топтарда сот шешімінің қарар бөлігін жариялап, үшінші тұлғаларға кемінде алты ай бойы ашық қолжетімді болуын қамтамасыз етуі тиіс.

Іс материалдарына сәйкес, Екатерина Бивол 2024 жылдың қыркүйегінен 2025 жылдың тамызына дейін әлеуметтік желілерде бұрынғы күйеуінің ар-намысына нұқсан келтіретін мәліметтер жариялаған.

Бұған дейін Бішкек соты Биволдың бұрынғы әйелін сырттай соттап, халықаралық іздеу жариялағаны белгілі болды. Екатерина Бивол әлеуметтік желідегі видеода қырғыз халқына қатысты қорлайтын сөздер айтқан.

Қазан айында Қазақстан полициясы әйгілі боксшының бұрынғы жарына іздеу салғаны мәлім болды. 

Кейіннен ҚР Бас прокуратурасында Биволға іздеу жариялау ісі ресми тіркелгені айтылды.

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жары Екатерина Биволға қозғалған қылмыстық іске қатысты түсінік берді.

Соңғы жаңалықтар