Ресейде сот «Ислам мемлекетіне» қосылмақ болған ММУ студентін тұтқынға алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні Мәскеудің Лефортов соты азаматтарды Ресейде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» халықаралық лаңкестік ұйымына қосылуға үгіттеген деген күдікпен ММУ студенті Варвара Караулованы тұтқындауға санкция берді, деп хабарлады ТАСС.
None
None

«Сот РФ ҚК 1 бөлімі 30-бабында және 2-бөлімінің 205,5 бабында көзделген РФ заңнамасымен лаңкестік деп танылған ұйым қызметіне қатысуға тырысуға күдікті Александра Павловна Ивановаға (Варвара Караулова) қатысты бір ай 25 тәулікке, яғни 23 желтоқсанға дейін қамауға алуға бұлтартпау шарасын алды», - деп хабарлады ТАСС-қа соттың баспасөз хатшысы Юлия Скотникова.

ММУ-дың философия факультетінің студенті Варвара Караулова үйінен 27 мамыр күні университетке барам деп шығып кетіп, туыстарынан жасырын түрде Ыстамбұлға ұшып кеткен. Интерполдың түрік бөлімінің қызметкерлері оны және тағы Ресейдің 12 азаматын шекарадан өтпекші болған жерінен 4 маусымда ұстады. Олар Түркияға оңтүстік шекара арқылы Сирияға өтіп, содырларға қосылу мақсатымен келген.

Ол Ыстамбұлдан 12 маусымдағы рейспен оралды. Онымен тексеру шаралары өткізілгеннен кейін Тергеу комитеті оған қарсы қылмыстық іс қозғамауға шешім алды. Маусым айында философия факультетінің деканы Владимир Миронов Караулованы оқудан шығару мәселесі әзірге күн тәртібінде тұрған жоқ екенін айтты.

Сейсенбі күні сот Караулованы ИМ қатарына тартуға тырысқан адамдарды тұтқындады.

Соңғы жаңалықтар