18:33, 22 Қыркүйек 2020 | GMT +5
Ресейде Су-30 ұшағы апатқа ұшырады
МӘСКЕУ. ТАСС - ҚазАқпарат – Тверская облысында сейсенбі күні Су-30 истребителі жоспарлы оқу-жаттығу ұшуын өткізіп жатқанда апатқа ұшырап, ұшақ экипажы катапульталанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
«22 қыркүйекте Тверская облысында жоспарлы оқу-жаттығу ұшуын өткізіп жатқан Батыс әскери округінің Су-30 ұшағы апатқа ұшырады. Экипаж сәтті катапульталанып, жерге қонғаннан кейін ұшқыштар байланысқа шықты», - делінген хабарламада.
Округ мәліметі бойынша, қазіргі уақытта экипаж мүшелері эвакуацияланды.
Мәлімет бойынша, истребитель орманды жерге құлаған. «Ұшақ орманды жерге құлады. Жерде ештеңе қираған жоқ», - деп атап өтті баспасөз қызметі.
Төтенше жағдай себептерін анықтау үшін ұшақтың құлаған орнына арнайы комиссия шықты.