Ресейде тағы бір үйдің қабырғасы опырылып түсті, жапа шеккендер бар
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу маңындағы Немчиновкіде салынып жатқан ғимараттың қабырғасы құлап, салдарынан үш адам жапа шекті, деп хабарлады өңірлік полиция баспасөз қызметінен.
«Бүгін таңертең Немчиновкіде салынып жатқан ғимараттың қабырғасы қирады, салдарынан үш адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», - делінген баспасөз қызметінде.
Айта кетейік, 11 шілдеде таңертең ерте Пермь қаласының Куйбышев көшесінде салынып жатқан тұрғын үйдің кіреберісі құлаған еді. Бесінші қабаттан екінші қабатқа дейін сегіз пәтер зардап шекті. Үш адам дәрігер көмегіне жүгінді. Қазір оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеуде, қала билігі іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуде, деп жазады ТАСС.