Ресейде таудағы шаңғы жолын қар көшкіні басып қалды

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат - Ресей Федерациясы құрамындағы Қарашай-Шеркесия республикасындағы Домбай тау курортында шаңғы жолын қар көшкіні басып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ресейде таудағы шаңғы жолын қар көшкіні басып қалды

Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, қар көшкіні кемі 4-12 адамға дейін басып қалған.

«Домбай кентінің Мусса-Ачитара тауында шаңғы жолына қар көшкіні түсіп, шаңғы жабдығын жалға беру пункті орналасқан екі вагон қар астында қалды, сондай-ақ дәмхана қирады. Қазіргі ақпарат бойынша, көшкін түскен кезде 4 - тен 12-ге дейін адам қар астында қалуы ықтимал», - деді ақпарат көзі.

Сондай-ақ оқиға орнынан хабарлаушы қар көшкіні қолдан мәжбүрлі жасалған болуы мүмкін екендігін айта кеткен.