Ресейде тікұшақ апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты

БАРНАУЫЛ. ҚазАқпарат – Алтайда тікұшақ апатқа ұшырап, ауруханаға түскен бір әйел Барнауыл ауруханасында қаза тапты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің өңірлік өкілдігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Ресейде тікұшақ апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты
Фото: tass.ru

«Дәрігерлердің тырысқанына қарамастан, денесінің 95%-ын күйік шалған ауыр халдегі әйелдердің бірі демалыс күні қаза тапты. Ол өкпені жасанды желдету аппаратының көмегімен тыныс алып жатқан. Осылайша, Алтайдағы әуе апатынан қаза тапқандар саны бес адамға жетті», - деп атап өтті ведомстводан.

Дәрігерлер тағы екі науқастың жағдайын бақылауда ұстап отыр. Тағы бір әйелдің жағдайы өте ауыр.