Ресейде тікұшақ апаты кезінде екі адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ленинград облысының ТЖМ Приозерск ауданында тікұшақ апаты кезінде екі адамның қаза тапқанын растады, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Ресейде тікұшақ апаты кезінде екі адам қаза тапты

Бүгін таңертең «Еврокоптер» тікұшағы Суходольское көліне құлап, суға батып кетті. Оның тереңдігі 5-6 метр.

«Сүңгуірлер тікұшақтан екі адамның мүрдесін тапты. Ал пилот пен жолаушы. Таяу уақытта құтқарушылар Ка-32 тікұшағының көмегімен әуе көлігін көлден шығуды жоспарлауда», - деп хабарлады ТЖМ-ның өңірлік басқармасы бастығының орынбасары Антон Клинг.

Апаттың неден орын алғаны әзірге белгісіз.