Ресейде тікұшақ апатынан үш адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Камчатка өңірінде жекеменшік «Робинсон-44» тікұшағының апаты салдарынан үш адам көз жұмды, деп хабарлады Би-Би-Си агенттігі.
Ресейлік ТЖМ-ның өңірлік басқармасының ақпараты бойынша, тікұшақ Петропавл-Камчаткадан 80 шақырымда Русская мүйісі жағалауына құлаған.
«Қазір үш адамның қайтыс болғаны белгілі, іздеу жұмыстары жалғасуда», - деп мәлімдеген ТЖМ өкілінің сөзін келтірді.
«Робинсон-44» төрт адамға арналған. Бортта қанша адам болғаны әзірге нақты белгісіз.
Бұдан бұрын құтқарушылар әуе кемесі диспетчерлік қызметте ұшуға тіркелмегенін хабарлаған. Алайда ұшқыштың ұшырылымға рұқсаты болғанын, бірақ бағдардан ауытқып кеткені мәлімделді.