09:47, 30 Қараша 2015 | GMT +5
Ресейде тікұшақ қаланың ортасына құлады (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Камчатка өлкесіндегі Елизово қаласында Ми-2 тікұшағы апатты жағдайда жерге қонды. Тікұшақта болған 3 адам зардап шеккен. БАҚ-тың хабарлауынша, олардың бірі қаза тапты, деп хабарлады ТАСС агенттігі.
Тікұшақ қала орталығындағы Рябиков көшесі бойынша 50-ші үй маңындағы «Радужный» спорт кешенінің жанына келіп апатты жағдайда қонған.
«Үш адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Куәгерлер тікұшақ бірнеше секунд ауада қалқып, биіктіктен жерге құлғанын жеткізді», - деп хабарлады Камчатка өлкесі бойынша РФ ТЖМ. Бортта үш адам болған, екі экипаж мүшесі, бір турист. Тікұшақ «Кречет» компаниясына тиесіл. Болжам бойынша, апатқа қозғалтқыштың техникалық ақауы себеп болған.