Ресейде төлқұжатпен ғана Wi-Fi-ға қосылуға болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Премьер-министр Дмитрий Медведев Wi-Fi-дың ашық желілеріне бұдан былай анонимді түрде қосылуға жол бермейтін қаулыға қол қойды, деп жазады Би-Би-Си.

Ресейде  төлқұжатпен ғана  Wi-Fi-ға қосылуға болады

Қаулыда сонымен бірге, байланыс операторлары абоненттер - заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлермен бекітетін келісімшарттарға өзгерістер енгізәлді. Соңғылары енді жалпы құрылғыны пайдаланушы адамдардың тізімін көрсетулері керек. Тізімде тегі, аты, әкесінің аты, төлқұжат реквизиттері мен тұратын орны көрсетілуі тиіс.

Операторлар сонымен бірге, пайдаланушы желіге қосылатын құрылғыны анықтаулары керек.

Бұл мәліметтерді операторлар жарты жыл сақтап, құқық қорғаушылардың талабы бойынша ашуы керек.