Ресейде тонаушылар банкке еденді тесіп кірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Челябинск қаласында белгісіз біреулер едендегі тесіктен банкке кіріп, миллион рубльден астам қаражатты ұрлап кеткен, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Ресейде тонаушылар банкке еденді тесіп кірді

Қалалық ІІМ басқармасының хабарлауынша, Курчатов ауданында болған ұрлыққа қатысты қылмыстық іс қозғалған. Қаскүнемдер әрекетінен қай банктің зардап шеккенін айтылмады.

Жергілікті «АиФ-Челябинск» басылымының ақпаратына сәйкес, ұрылар «Российский капитал» банкінен 1,4 млн теңгені  қолды еткен. Құқық қорғау органдарының дереккөзі  басылымға хабарлағандай, ұрылар үйдің жертөлесіне еніп, еденді тесіп, банкомат тұрған ғимаратқа  кірген.