Ресейде тырысқақ ауруының өршігені туралы ақпарат жалған боп шықты

«Әлеуметтік желілерде таралған Ресейде тырысқақ ауруының өршігені және судың ластанғаны туралы ақпарат шындыққа жатпайды. 2022 жылы Қазақстан Республикасында тырысқақ бойынша эпидемиологиялық жағдай туындаған жоқ. Соңғы 10 жыл ішінде жергілікті жерден тырысқақ ауруы шыққан жоқ. Оны сырттан жұқтыру жағдайлары тіркеліп тұрады. Мәселен, 2017 және 2018 жылдары 5 туристен және 2019 жылы Үндістаннан келген 4 қазақстандық туристен тырысқақ дерті анықталды. 2020-2022 жылдары тырысқақты сырттан жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ» делінген хабарламада.
Қазақстан Республикасының аумағында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету және елге тырысқақтың әкелінуінің және одан әрі таралуының алдын алу мақсатында Санитариялық-эпидемиологиялық комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері (ғылыми орталықтар, департаменттер, обаға қарсы күрес станциялары) тырысқақтың және басқа да ішек инфекцияларының жұғу жолдары мен факторларын ескере отырып, тұрақты эпидемиологиялық бақылау жүргізеді.
Жыл сайын эпидемиялық маусымда сыртқы орта объектілеріне (өзен, су қоймалары, рекреация аймақтары) тұрақты бақылау жасалады.
Жыл сайын ауыз судың 9 мыңға дейін, орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау суының 2 мыңға дейін сынамасы, ұйымдастырылған жаппай рекреациялық су пайдалану орындарындағы су (демалыс аймақтары, бассейндер, фонтандар, аквапарктер), сондай-ақ тырысқақ бойынша эпидемиологиялық мәні бар жерлердегі судың 6 мыңға дейін сынамасы зерттеледі.