Ресейде ұшақ апатқа ұшырады, жолаушылардың барлығы көз жұмған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Дондағы Ростов қаласының жанында Boeing-738 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ Дубайдан бағыт алып келе жатқан болатын.
Болжам бойынша, ұшақ бортында 55 адамн және 6 экипаж мүшесі болған. Бұл туралы аймақтағы шұғыл әрекет ету қызметі хабарлады.
Алдын ала мәліметтере бойынша ұшақ қонуға беттегенде апатқа ұшыраған. Бортында болған барлық адам көз жұмған. Апатқа байланысты әуежай жұмысы тоқтатылды.
Басқа мәліметтер әзірге түскен жоқ, деп жазады ТАСС.