Ресейде ұзындығы 925 шақырымдық газ құбырының құрылысы басталды

АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат -  Ресейдің оңтүстігіндегі Анапа қаласында жаңа газ құбырының құрылысы басталды.
None
None

Айтулы шараға ел президенті Владимир Путиннің өзі қатысты, деп хабарлайды 24.kz.

«Оңтүстік ағыны» атты жобаның басты мақсаты - Ресейдің көгілдір отынын Еуропаға еш делдалсыз жеткізу. Жаңа құбыр желісі экологиялық талапқа сәйкес жасалады. Жалпы құбырдың құрылысы екі жыл бұрын басталған. Енді газ айдайтын 10 шақты станса салынбақ. Қара теңіз арқылы өтетін құбырдың ұзындығы 925 шақырымға жетеді. Ол Анапа мен Болгарияның Варна қаласын қосады. Содан Сербия, Венгрия және Словения арқылы Италияның солтүстігіне жетеді. Ел президенті Путин «бұл тек Ресейдің энергетикасына ғана емес, бүкіл Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігі үшін аса маңызды жоба», деп мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар