Ресейде валюта сатушыларды өлтірген қазақстандық сотталуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың қаңтар және наурыз айларында 27 жастағы Қазақстан азаматы Руслан Мақсатов валюта айырбастаумен айналысқан Рамиль Исмагилов пен Ибрагим Магдеевті өлтірген, деп хабарлады Oren.ru.

Ресейде валюта сатушыларды өлтірген қазақстандық сотталуда

Ол өз автокөлігінің салонында құрбандарға травматикалық тапаншадан оқ атқан. Екінші қылмысын қазір халықаралық іздеу жарияланған өзінің жерлесімен бірігіп жасаған. Қаскөйлер қаза тапқан валюташылардың 5 миллион рубльден астам қаражатын жымқырған.

Бұл іс орынборлық такси жүргізушісінің көмегімен ашылды, ол көлік салонында атылған оқтың жолаушылар автобусына тигенін көріп, түсініктеме берген. Мақсатов Орынборға үшінші бармақ болған кезінде ұсталып, қамауға алынды. 

Оқиғаның қалай өрбігені туралы толықтай орынборлық телеарнаның орыс тіліндегі сюжетінен көруге болады.