Ресейде ЯК-52 ұшағы апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейді Челябі облысы Копей қалалық округына қарасты Калачаево әуежайы маңында ЯК-52 ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлады «ТАСС» агенттігі.

Ресейде ЯК-52 ұшағы апатқа ұшырады

РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің облыстық мемлекеттік мекемесінің хабарлауынша, ұшақ әуежайдан 8 шақырым қашықтықта апатқа ұшыраған. Апаттан жаттығу-машықтану аэроклубының жас пилоты (қыз) бен жаттықтырушы тәжірибелі әскери ұшқыш мерт болған.