Ресейде заңсыз көші-қон ұйымдастырғандарға жаза күшейтілді

мигранты
Фото: freepik.com

АСТАНА. KAZINFORM – Ресейде Мемлекеттік Дума заңсыз көші-қонды ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жазаны қатайту туралы заң жобасын қабылдады. Енді осы қылмысты жасағандар сегіз жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

Заң жобасы авторларының бірі, Ресей парламенті төменгі палатасының төрағасы Вячеслав Володиннің атап өтуінше, заң жобасында 3 млн-нан 5 млн рубльге дейін айыппұл (15 млн 60 мың теңгеден 25 млн 100 мың теңгеге дейін, 29 қазандағы жағдай бойынша 1 рубль – 5,02 қазақстандық теңге), сондай-ақ белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасы қарастырылған.

Құжатта сонымен қатар жалған құжат жасау, сондай-ақ шетел азаматтарын жалған тіркеу және тіркеуге байланысты құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейту ұсынылды. Ол бойынша 2 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Құжат авторлары – Мемлекеттік Дума төрағасы Вячеслав Володин, МД көші-қон саясаты жөніндегі комиссия жетекшісі, вице-спикер Ирина Яровая, МД барлық парламенттік фракциялардың жетекшілері мен депутаттары. Заң жобасын Ресей Федерациясының үкіметі, Жоғарғы соты, Бас прокуратурасы және Ресейдің Тергеу комитеті қолдап отыр.

Бұрын хабарланғандай, Франция 2025 жылға қарай миграциялық заңнаманы күшейтпек

Еске сала кетсек, маусым айында Еуроодақта баспана сұраған өтініштер саны 17 пайызға қысқарған.

Соңғы жаңалықтар
telegram