Ресейде зерттеу аясында 6-11 жастағы балалар коронавирусқа қарсы егіледі

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Ресейде зерттеулер аясында 6-11 жастағы балаларды коронавирусқа қарсы вакциналау жүргізіледі. Бұл туралы Гамалея атындағы орталық директоры Александр Гинцбург мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
None
None

«Коронавирусқа қарсы вакцинаны клиникалық зерттеу үшін 6-7 маусымда стационарға балалар ата-аналарымен бірге ерікті түрде жатқызылады. Бұл үш күнге созылады. Демек, 9-10 маусымда вакцина салу жоспарланған», - деді ол.

РФ Денсаулық сақтау министрлігі 24 қаңтарда 6 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға Гамалея атындағы орталық әзірлеген коронавирусқа қарсы вакцинаға клиникалық зерттеулер жүргізуді мақұлдады. Александр Гинцбург зерттеу үш жарым айға созылуы мүмкін екенін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар