Ресейде Жеңістің 70 жылдығына байланысты 225 мыңнан астам сотталушы жазадан босатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейде Жеңістің 70-жылдығы құрметіне сәуірдің 24-і мен қазанның 24-і аралағында 225 мыңнан астам жазасын өтеуші және тергеудегі ресейліктерге рақымшылық жасалды деп хабарлады «Интерфакс».
None
None

40 мыңнан астамы түрмеден босатылды. Қалғандары түрмеден бөлек жазадан азат етілді. Рақымшылыққа, атап айтқанда, орташа ауырлықта қасақана қылмыс жасағаны үшін бірінші рет сотталғандар, сотталушылардың арасында елге еңбегі сіңген, еңбегімен ерекшеленгендер бар. Бұдан басқа, кәмелеттік жасқа толмағандар, кәмелетке толмаған балалары немесе мүгедек балалары бар әйелдер, жалғыз басты аналар, жүкті әйелдер, I және II топтағы мүгедектер, 55-тен асқан ер адамдар, 50-ден асқан әйелдер және үшінші, төртінші сатыдағы ісік ауруымен ауыратын науқастар да бар. Мемлекеттік дума депутаттары рақымшылық жариялау туралы қаулы жобасын сәуірде қабылдаған. Рақымшылық мерзімі жарты жылға белгіленді. Яғни, 24 қазанда бүгін аяқталады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум