Ресейде жол апатынан 3 адам қаза тауып, 40-тан астамы зардап шекті
Краснодар өлкесінің Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, 44 адам ауруханаға жеткізілді, олардың 12-сі – балалар.
Ресей ІІМ Бас басқармасының Краснодар өлкесі бойынша баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол апатынан көз жұмғандардың барлығы – жеңіл көліктің жолаушылары.
«Қаза тапқан әйел мен кәмелет жасқа толмаған екі бала – жеңіл автокөліктің жолаушылары. Volkswagen Touareg автокөлігінің 1974 жылы туған жүргізушісі орташа ауыр халде ауруханаға жеткізілді», - деді ведомстводан.
Новороссийск мэрінің орынбасары Наталья Майорова ТАСС агенттігіне мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы салдарынан 31 адам ауруханаға жеткізілді, бесеуі ауыр халде жатыр. «31 адам біздің ауруханада жатыр, арасында балалар бар. Бес адамның халі ауыр», - деді ол.
Автобус пен жеңіл көліктің соқтығысуы 7 тамыз күні кешке, Верхнебаканский ауылының маңындағы А-146 тасжолында болған. Соқтығысқан көліктердің ішінде 45 адам болды. Автобус «Эллада» шипажайына тиесілі.