Ресейде жолаушылар автобусы өртеніп кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясы Ростов облысының М-4 «Дон» күре жолында Сочи-Пенза бағытында жол жүріп келе жатқан жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлайды ТАСС РФ ТЖМ Оңтүстік аймақтық орталығының өкіліне сілтеме жасай отырып.
Бұл оқиға күре жолдың 920-шы шақырымында орын алған. Әуелі түтіндей бастаған автобус өртенген. Ішінде болған 16 жолаушының ешқайсысы зардап шеккен жоқ.
Өрт сөндіруге 7 құтқарушы мен төрт техника бірлігі жұмылдырылған. Жолаушылар Дондағы Ростов теміржол вокзалына жеткізіліп, басқа көлікке отырғызылды.