Ресейде жолбарыс аңшыларға шабуылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Приморск өлкесіндегі Щербаковка ауылына жақын маңдағы орманда жолбарыс екі аңшыға шабуыл жасаған. Олардың бірі ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы дүйсенбі күні өңірлік әкімшілік мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ресейде жолбарыс аңшыларға шабуылдады

«Приморск өлкесінің Ольгинск ауданында жолбарыс екі аңшыны шабуылдаған. Бір ер адам орташа ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.

Биліктің дерегі бойынша, оқиға жексенбі күні күндіз болған. Аңшының басы мен сол қолы жарақаттанған. Жыртқыш аңның шабуылынан аман қалған жолдасы оны машинасымен Кавалеровск аудандық ауруханасына жеткізген.