09:40, 04 Ақпан 2019 | GMT +5
Ресейде жолда қалып қойған 9 қырғызстандық құтқарылды
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Ресейлік құтқарушылар Түмен-Ханты-Мансийск автожолында жолда қалған шағын автобустың жолаушылары құтқарылды. Олардың барлығы Қырғызстан азаматтары болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап.

Ресейдің Түмен облысы бойынша төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, күре жолдың 410-шы километрінде көліктің аккумуляторы істен шығып, қалып қойған. Қажетті деректер алынған соң, оқиға орнына федералдық өртке қарсы іс-қимыл қызметінің 23-жасағының 140-шы өрт-құтқару бөлімшесі жіберілді.
Құтқару операциясы кезінде 4 ер адам және 5 әйел эвакуацияланды.