Ресейде жұлын трансплантациясы бойынша операция жасалды
МӘСКЕУ. KAZINFORM - Мәскеуде алғаш рет жұлын трансплантациясы бойынша операция жасалды. 12 сағатқа созылған хирургиялық араласу Н.В.Склифосовский атындағы Жедел жәрдем ғылыми-зерттеу институтында жүргізілді, деп хабарлайды агенттіктің меншікті тілшісі.
Мәскеу қаласының мэрі Сергей Собяниннің айтуынша, толық қимылсыз қалу қаупі төнген науқаста операциядан кейін сауығуға мүмкіндік пайда болған. Қазіргі уақытта оның жағдайы жақсы.
- Склифосовский атындағы Жедел жәрдем институтында 12 сағатқа созылған бірегей хирургиялық араласу жасалды. Толық қимылсыз қалу қаупі төнген науқаста сауығуға мүмкіндік пайда болды. Қазір оның жағдайы жақсы, - деп жазды Мәскеу мэрі «Макс» мессенджеріндегі арнасында.
Ол сондай-ақ бұл операция елордада жүзеге асырылып жатқан аяқ-қолды трансплантациялау жобасының жалғасы екенін атап өтті.
Мәскеудегі медициналық мекемелер халықаралық ынтымақтастықты дамытып, заманауи технологияларды енгізіп, шетелдік тәжірибені игеріп келеді. Операцияға қытайлық мамандар қатысып, медициналық технологияларды трансферлеу тетігі де қолданылды.
Айта кетейік, Ресейде еңбек мигранттарының орыс тілін білуіне қойылатын талап қайта қаралуы мүмкін.