Ресейде жұмбақ жағдайда 3 жасар нәресте қайтыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің оңтүстік шығысындағы Волгоград қаласы маңындағы Иловля ауданының Иловля ауылында жұмбақ жағдайда 3 жасар сәби қайтыс болды, деп жазады 7daysnews.ru сайты.
Волга-Медиа.ру сайтының хабарлауынша, нәресте тыныс жолдарына тұрып қалған тағамнан түншығып қайтыс болуы мүмкін деген болжам бар.
Ақпарат агенттігінің дереккөздеріне қарағанда, қайтыс болған сәбидің отбасы жайсыз болған, отбасы мүшелері спиртті ішімдікке үйір болатын.
Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтау үстінде.