Ресейде жыртқыш жолбарыс пен ешкінің достығы адам баласын таңқалдырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Примор өлкесіндегі сафари-саябақта Амур атты жолбарыс пен Тимур атты ешкінің достығы жұртты таңқалдырғаны анық. Енді екеуінің достығы паркке табыс әкеле бастады, деп жазады ресейлік БАҚ.
None
None

Бұған дейін БАҚ беттерінде хабарланғандай, ешкі жолбарысқа тамақ ретінде жіберілген. Алайда, бір апта өтсе де жолбарыс оны әлі жеген жоқ. Керісінше, олар саябақ ішінде бірге серуендеп, бірге жүреді. Екеуін ажыратып басқа торға кіргізіп көрсе, олардың бірін бірі іздейтіні байқалған. Жолбарыс тіпті, өзі жататын үйшікті ешкіге босатып берген.

Сафари-паркі енді Амур және Тимурдың суреті салынған магнитті сата бастады. Саябақ директоры Дмитрий Мезенцевтің айтуынша, әзірге сувенир магнитке ғана тапсырыс берілді. Егер сұраныс болса, Амур мен Тимур бейнесімен футболка, шыныаяқтар шығуы мүмкін.

Жануарлардың достығы мықты. Саябақ қызметкерлерінің айтуынша, ешкі тек жолбарыс бар кезде ғана ғана шөп жейтін көрінеді.

Соңғы жаңалықтар