Ресейде Зика безгегін жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Роспотребнадзор РФ-да Зика безгегін жұқтырудың алғашқы жағдайын тіркеді, деп хабарлады ТАСС.
None
None

«Қазіргі уақытта науқас инфекциялық стационар боксында жатыр. Жағдайы қалыпты. Байланыста болған отбасы мүшелері бақылауға алынды. Аурудың клиникалық белгілері анықталмады. Зика вирусына зерттеу нәтижелері -теріс», - делінген ведомство хабарламасында.

Науқас Доминикан республикасында демалыста болған.

Сондай-ақ Роспотребнадзорда вирус жұқтырған ресейлік мінген ұшақта эпидемияға қарсы шаралар кешені жүргізілді, жолаушылар денсаулығына қауіп жоқ.

Зика вирусының белгілері жоғары температура, конъюнктивит, бас ауруы, буындар сырқырау, қабыну үдерістерін, кей жағдайларда құсу, жүрек айну, асқазан бұзылуын қамтиды. Вирусты тасымалдаушы Aedes aegypti шіркейі. Індет Азия мен Африкада, Оңтүстік және Солтүстік Америкада, Тынық мұхит өңірінде тіркелген. Батыс жарты шарында тез таралуда. Вирус 55 елдің 20-сына дендеп кірді. Өткен жылы мамырда науқастар тек Бразилияда ғана болған.

Жүктілік кезеңінде вирусты жұқтыру нәрестенің туа бітті кеміс болуына алып келуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар