Ресейдегі 2-3 балдық жерасты дүмпулері Өскемен және Риддер қалаларында сезілді

АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 04.30-да Ресейде 5,5 балдық күшпен болған жер сілкінісі орын алды.
None
None

Зілзала кіндігі  Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 1146 шақырым жерде орналасты. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

 Жерасты дүмпулер MSK-64 шкаласы бойынша 2-3 балдық күшпен Өскемен және Риддер қалаларында байқалды. Қаза болғандар мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.

Соңғы жаңалықтар