Ресейдегі апат: Үйінді астында қалған он айлық сәби тірі табылды
МАГНИТОГОРСК. ҚазАқпарат - Ресейдің Магнитогорск қаласында құлаған үйдің астынан құтқарушылар он айлық сәбиді алып шықты. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.
Агенттіктің хабарлауынша, сәбидің жағдайы ауыр деп бағалануда.
«Үйінді астынан құтқарылған сәбиді емханаға апара жатырмыз. Жағдайы ауыр», - деді агенттікке жедел жәрдем қызметінің мамандары.
Белгілі болғандай, сәбидің аман қалуына баланың керуеті мен жылы киімдер өзінің әсерін тигізген.
Еске салсақ, Ресейдің Магнитогорск қаласындағы көп қабатты үйде жарылыс болып, салдарынан 7 адамның мерт болғаны туралы хабарлаған болатынбыз.