Ресейдегі апаттан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - СІМ

АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресейдің Краснодар өлкесіндегі су тасқынынан жапа шеккендер мен қайтыс болғандар арасында қазақстандық азаматтардың жоқ екендігін растайды.

Ресейдегі апаттан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - СІМ

Бұл туралы бүгін аталған министрлікте өткен брифинг барысында мәлім болды.

«Мен ҚР СІМ Ержан Қазыхановтың өзінің ресейлік әріптесі Сергей Лавровқа көңіл айтқанын білдіргім келеді. Ал осы жағдайды ескере отырып, РФ Азаматтық қорғаныс істері және төтенше жағдайлар мен апат салдарын жою министрлігінен алынған ақпаратқа сәйкес, Краснодар өлкесіндегі су тасқынынан жапа шеккендер мен қайтыс болғандар арасында қазақстандықтар жоқ», - деді СІМ ресми өкілі Алтай Әбибуллаев.

Еске сала кетсек, Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің деректеріне сәйкес, Кубаньдағы қайғылы апаттан 150-ден астам адам қаза болып, 22 мыңнан астамы жапа шеккен. 5 мыңнан астам баспананы су басқан.