Ресейдегі лаңкестік кезінде қаза тапқан қазақстандықтың туыстары өтемақы алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Санкт-Петербург метрополитенінде лаңкестіктің салдарынан қаза тапқан қазақстандық Максим Арышевтің туыстары Ресей билігінен ақшалай өтемақы алады, бұл туралы РФ-дағы ҚР Елшілігіне сілтеме жасап «Қазақпарат» ХАА хабарлады.

 Ресейдегі лаңкестік кезінде қаза тапқан қазақстандықтың туыстары өтемақы алады

Қазіргі уақытта РФ-дағы Қазақстан елшілігі мен Санкт-Петербургтегі Қазақстан Бас консулдығының жәрдемімен тиісті құжаттар ресімделуде, делінген хабарламада.

Төлем 1 млн рубль. Қаза тапқан қазақстандықтың туыстары да федералдық үкіметтен сонша қаражат алады.

Бүгін, 5 сәуірде, Мәскеу уақыты бойынша сағат 20.00-де Максим Арышевтің достары мен таныстары Сенная алаңында оны еске алуды жоспарлауда. Оның мүрдесі Алматыға жұма күні таңертең жеткізіледі. «Air Astana» авиакомпаниясы оны тасымалдау шығыны мен туыстарының билет төлемін өзі көтереді.