Ресейдегі мешіттердің саны қанша?
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта көршілес Ресей еліндегі құлшылық ордаларының саны 7000-ға жетіп отыр. Осыдан отыз жыл бұрын орыс еліндегі мешіттер саны 70 есе аз болған көрінеді.
Бұл туралы «Российская газета» Равил Гайнутдиннің сөзіне сілтеме жасай отырып, ақпарат таратты, деп хабарлады www.muslim.kz .
Ислам дінінің және елдегі мешіттер санының бұндай қарқынмен дамуын Равиль Гайнутдин Әзербайжан, Кавказ және Орталық Азиядан келушілердің көптігімен де байланыстырып отыр.