Ресейдегі президенттік сайлауға Қазақстаннан қанша байқаушы барады

АСТАНА.ҚазАқпарат - Наурыз айында Ресейде өтетін Президенттік сайлауды Қазақстаннан 170  байқаушы қадағалайтын болады. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресейдегі президенттік сайлауға Қазақстаннан қанша байқаушы барады

"18 наурыз күні Ресей Федерациясында президенттік сайлау өтеді. Соған байланысты ҚР Орталық сайлау комиссиясы басқа мүдделі мемлекеттермен бірге Қазақстанның атынан аталған сайлауға байқаушы ретінде қатысатын азаматтардың тізімін жасады.Тізімде  170  адам бар. Оның ішінде ТМД байқаушылары  миссиясының құрамына 129, ШЫҰ миссиясына 3 және ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы миссиясына 38 азаматымыз кіреді.   Бұған қоса, біздің бір өкіліміз ұзақ мерзімді байқаушы ретінде 11 ақпаннан бері ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясының құрамында қызметін атқару үстінде", - деді ОСК мүшесі.

Айта кетерлігі, бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы мен ТМД ХПА қатысушы елдері Азаматтардың сайлау құқығын сақтау және демократия мен парламентаризмді дамытуды бақылау халықаралық институтымен  бірлесіп «Ресей Федерациясының президенті сайлауына халықаралық бақылауға дайындық» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Семинардың мақсаты - байқаушыларды Ресей Федерациясындағы 2018 жылдың 18 наурызында өтетін президент сайлауының құқықтық реттелуі және сайлау жүйесінің ерекшеліктерімен таныстыру.

Шараға Ресей Федерациясындағы президент сайлауына түрлі  халықаралық ұйымдардың миссиялары құрамында қысқамерзімді бақылаушы ретінде жіберілетін орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
null null 


Басты Фото: obzor.press