Ресейдегі табиғи өрттен 7 адам мерт болып, 17-сі зардап шекті

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Сенбі күні өрт Краснояр өлкесінің жиырма шақты елді мекенін қамтыды. Оның шығуына электр желілерінің үзілуі, қысқа тұйықталу және отты абайсыз пайдалану себеп болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Ресейдегі табиғи өрттен 7 адам мерт болып, 17-сі зардап шекті


Өрттің қатты өршуіне екпінді жел ықпал еткен. Желдің жылдамдығы секундына 40 метрге жеткен.

«Өрт салдарынан 7 адам қаза тапты, 17-сі зардап шекті. Оның 14-і ауруханаға түскен. Барлық өрт ауыздықталды. Бұл дегеніміз өрттің әрі қарай дамуына қауіп жоқ. Өлкенің 13 муниципалдық ауданында өрт сөндіру жалғасып жатыр», - деді Ресей ТЖМ-нен.

Краснояр өлкесінде өрттен зақымдалған ғимараттардың жартысынан астамы тұрғын үйлер. Барлығы 484 ғимарат зардап шекті. Өртті 814 адам сөндіріп жатыр, 294 техника тартылды.