Ресейдегі жарыстардың бірінде жасөспірім боксшы қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Владимир облысына қарасты тергеу басқармасының өкілдері жексенбі күні бокстан өтіп жатқан жарысқа қатысқан 15 жасар боксшының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғандығын айтты, деп хабарлайды utro.ru сайты.

Ресейдегі жарыстардың бірінде жасөспірім боксшы қайтыс болды

Олимпиада резервінің арнайы мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушысы өзге спортшылармен бірге 2016 жылдың 3-қарашасы күні өтуі тиіс жарысқа жіберілген. Жарыстың үшінші күнінде жасөспірім боксшы екі рет нокдауан алған. Осы сәтте сайыс тоқтатылып, бала дірілдеп ауыра бастайды. Оған көмекке келген дәрігерлер де ештеңе істей алмады. Бала реаномобильде кетіп бара жатып көз жұмды.

Қазіргі таңда құқық қорғау органдары (өзінің мәндетін дұрыс атқармаудың салдарынан байқаусызда адам өлтірді) деген баппен қылмыстық іс қозғады.

Құқық қорғау қызметкерлерінің айтуынша, бала осыдан бірнеше жыл бұрын ауыр жарақат алған. Одан кейін жасөспірімнің өмірі жіті қадағалауда болуы қажет еді.