Ресейдегі жол апатының мән-жайын анықтауға Қазақстан консулы көмектесіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі Ресейдің Саратов облысындағы қазақстандық жолаушылар автобусының апаты жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресейдегі жол апатының мән-жайын анықтауға Қазақстан консулы көмектесіп жатыр

«Қазақстанның Астраxандағы консулы Қанат Шекқалиев бұл оқиға бойынша жедел түрде жергілікті билікпен байланысқа шығып, апаттың мән-жағдайын анықтап жатыр. Бастапқы мәлімет бойынша, автобуста барлығы 7 адам болған. Оның бесеуі қаза тапты, олардың барлығы - Өзбекстан азаматтары. Автобус жүргізушісі мен оның көмекшісі - Қазақстан азаматтары. Олар тірі, жағдайлары ауыр, ауруxанаға жеткізілді», - деп жауап берді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров ҚазАқпарат тілшісіне.

Айта кетейік, бүгін РФ Саратов облысының Озинский ауданындағы темір жол өтпесінде «Саратов-Орал» рейстік автобусы жүк пойызымен соқтығысты.

Фото: nversia.ru