Ресейден 12 мың жаңажылдық шырша Қазақстанға жіберілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елдегі орман зиянкестерін болдырмау мақстанда Ресей ауылшаруашылық бақылау мекемесі барлық ағаштарды тексерді.

 Ресейден 12 мың жаңажылдық шырша Қазақстанға жіберілді

Пермь облысы, Ресей ауылшаруашылық бақылау мекемесінің мамандары Большесосновский ауданының аумағында өскен 12 мың ағашты карантин нысанының бар-жоғына сараптама жасаған.  Ведомствоның мәлімдеуінше, орман зиянкестері анықталмаған және ағаштарға арнайы сертификаттар берілді.

Жуық арада Қазақстанға жаңажылдық шыршалар автокөліктермен жөнелтіледі, деп хабарлайды Рифей-Пермь порталы.