Ресейден 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін бажсыз мұнай алудан Қазақстан елеулі пайда табады - С. Мыңбаев

АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін Ресейден Қазақстанға бажсыз мұнай жеткізу жүзеге асырылады.
None
None

Бұдан Қазақстан тарапы елеулі пайда таппақ. Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев осылай мәлім етті.

Министрдің айтуынша, бұдан бөлек, 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін өзара мұнай жеткізу құпталса, оны жеткізу алмасу операциялары режімінде жүргізілуі мүмкін. «Жалпы Қазақстан да, Ресей де өздерін мұнаймен толық қамтамасыз ете алады. Бірақ, алмасу операциялары мұнайды мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу логистикасын жеңілдете түседі. Бұндай жеткізу режімінде екі тарап та мұнай экспортынан кірісті жоғалтпайды. Қазір 2014 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңде Ресейден Қазақстанға бажсыз мұнай жеткізуден біз емес, ресей шығындалып жатыр. Оған Ресей осы құжат бойынша келісім беріп отыр», - дейді С. Мыңбаев. Бұдан бөлек, министрдің айтуынша, келісім аясында 2012-2014 жылдар аралығында Қазақстанға бажсыз жанар-жағармай жеткізуден болған Ресейдің бөлшек шығындарын өтеу де қарастырылады.

«Осы келісімнің арқасында Қазақстан Ресейден бажсыз мұнай жеткізуден елеулі пайда тапты, 2014 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңде де пайда табатын болады», - дейді С. Мыңбаев.

Соңғы жаңалықтар