Ресейден екі партиямен дизель әкелеміз – министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан дизель тапшылығына жол бермес үшін оны Ресейден импорттамақшы. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингіде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресейден екі партиямен дизель әкелеміз – министр

«Ресейден дизель отынын екі партиямен импорттау ұсынылып отыр. Оның жиынтық көлемі 100 мың тоннаға дейін жететін шығар. Бұл Ресей нарығынан алынатыны айқын. Өйткені басқа жақын жердегі жеткізушілерде дәл қазір ондай көлемдегі өнім жоқ», - деп түсіндірді ведомство басшысы.

Айтуынша, бұл іспен тікелей «ҚазМұнайГаз» компаниясы айналысады.

«Бұл шара индикативті теңгерім аясында қарастырылған. Авиация керосині сияқты дизель жетпей жатса да, Ресей нарығынан алу мүмкіндігі бұрыннан қарастырылған. Қазір іздеу басталды. «ҚазМұнайГаз» компаниясы жұмыс істеп жатыр. Жуықта алғашқы партиясы келеді деп күтіп отырмыз», - деді Энергетика министрі.





Фото: economictimes.indiatimes.com