Ресейден Қазақстанға 170 тоннадан астам фитосанитарлық сертификатсыз картоп кіргізбек болған

АСТАНА. KAZINFORM – Ресейден Қазақстанға сертификатсыз 170 тоннадан астам картоп кіргізбек болған. Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз қызметі мәлім етті.  

картоп
Фото: Сарыағаш ауданы әкімдігі

«ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Костанай облыстық инспекциясы Ресей Федерациясымен шекаралас аймақта орналасқан „Қайрақ“ фитосанитарлық бақылау бекетінде 18-19 қыркүйекте 12 бұзушылық анықталды», — делінген ақпаратта. 

Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік инспекторлар 170,9 тонна картопты фитосанитарлық сертификатсыз әкелуді тоқтатты.

Әкімшілік хаттамалар жасалды. Картоптың барлық партиясы жіберушіге қайтарылды.

Соңғы жаңалықтар