19:57, 10 Қаңтар 2019 | GMT +5
Ресейден Қазақстанға мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдаған Қостанай тұрғыны сотталды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай тұрғыны Ресейден мұнай битумын заңсыз жолмен иемденіп, Қазақстанға әкеліп сатпақ болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2018 жылдың қазан айында азамат Ц. Ресей Федерациясында 59 520 кг мұнай битумын, оның заңды екенін растайтын құжаттарсыз сатып алып, сату үшін Қазақстан аумағына тасымалдаған. Қамысты аудандық сотының үкімімен ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 197-бабының 3-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілді», - делінген хабарламада.
Тәркіленген битум мемлекет еншісіне берілді, ал осы мұнай өнімі тасымалданған көлік қылмыс құралы ретінде мемлекеттің иелігіне өткізілді.
Авторы: Жанна Мұсабаева