Ресейден Қазақстанға тағам қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес келмейтін алкоголь өнімдері жеткізілгендігі анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті тағам қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес келмейтін алкоголь өнімін анықтады. Бұл туралы аталған министрліктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ресейден Қазақстанға тағам қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес келмейтін алкоголь өнімдері жеткізілгендігі анықталды

«Тағам қауіпсіздігінің талаптарына сәйкессіздік себебі бойынша халыққа Ресей Федерациясында өндірілген алкоголь өнімін Қазақстан Республикасының аумағына өткізуге тыйым салынды: «Талка», «Империя», «Дикий гусь», «Зеленая марка «Ржаная», «Русский гарант качества», «Рублевка», «Посольская» - арақтары; «Miller Genuine Draft», «Hoegaarden White» ақ - сыра сусындары; «Grolsch» Premium Lager»», «Brahma», «Pilsner Urguell», «Жигули», жұмсақ дәмді, «Жигулевское», «Бад», «Lowenbrau Original» сыралары», - делінген хабарламада.