Ресейден келе жатқан жүк пойызының цистернасынан химиялық заттың төгілу фактісі тіркелді - Қызылорда облысы

АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының Аралқұм стансысында, Ресей Федерациясынан келе жатқан жүк пойызының цистернасынан флотореагентоксал де аталатын химиялық заттың төгілгені анықталды,

Ресейден  келе  жатқан   жүк   пойызының цистернасынан   химиялық  заттың төгілу фактісі  тіркелді   -  Қызылорда облысы

деп хабарлайды Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі.

Құтқарушылардың мәліметтері бойынша, Ресейдің Химическая стансысында тиелген химиялық зат Өзбекстанның Ахангаран стансысына, Алмалық кен-металлургиялық комбинатына әкетіліп бара жатқан. Күзетке алынған цистерна қазір Қазалы теміржолстансысының тұйықжолында, арнайы алаңда тұр. Сұйықтың төгілу себебі анықталуда, төңіректегілерге ешқандай қауіп жоқ.

Флотореагентокасал химиялық затының түрлері сыр-бояу өнеркәсібінде, резеңке бұйымдар мен үлдір материалдары үшін пласификаторлар дайындауда, сулы негіздегі бұрғылау еріткіштерінің құрылымдық-механикалық және сүлгіштік қасиеттерін реттеу үшін мұнай ұңғыларын бұрғылау кезінде мұнай өнеркәсібінде пайдаланылады.