Ресейден келген 102 студент Алматы облысында карантинге жатқызылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Ресейдің түрлі жоғары оқу орындарында оқитын жетісулық 102 студент елге оралды. Олар Томск қаласы арқылы ұшақпен Алматы әуежайына жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, елге оралған студенттер 2 автобуспен Қапшағай маңындағы демалыс орнына жеткізіліп, орналастырылды. Олар екі күн карантинде болады. Студенттерге демалыс орны аумағынан сыртқа шығуға рұқсат жоқ.

«Олар бірінші кезектегі қажеттіліктермен толық қамтамасыз етіледі. Бұл жерде карантин талаптары мен санитарлық-дезинфекциялық шаралардың қатаң сақталуын тиісті сала мамандары бақылайтын болады. Демалыс орнына кіреберісте полиция посты орнатылған. Студенттердің барлығы КВИ-ге тест тапсырды. Қорытындысы шыққаннан кейін облыс әкімдігі оларды тұрғылықты жерлеріне жеткізуді ұйымдастырады»,- делінген ведомство хабарламасында.



Соңғы жаңалықтар