Ресейден ұшып шыққан тәжікстандық Boeing шұғыл түрде қонды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуден Тәжікстанның Худжанд қаласына ұшып шыққан Boeing 737-300 әуеде бірнеше айналым жасағаннан кейін әуежайға қайта қонуға мәжбүр болған. Бұл туралы Flightradar24.com порталы хабарлауда.

Ресейден ұшып шыққан тәжікстандық Boeing шұғыл түрде қонды

Бұған дейін шұғыл қызметтердегі дереккөз ТАСС агенттігіне мәлім еткендей, шұғыл қону туралы шешім борттағы техникалық ақауларға байланысты қабылданған.

«Әуе кемесінің командирі Домодедово әуежайынан ұшып шыққаннан кейін шұғыл қону туралы шешім қабылдады», - деді агенттік дереккөзі.

Домодедово әуежайының сайтындағы онлайн таблоға сәйкес, Tajik Air әуе компаниясының Boeing 737-300 ұшағы Мәскеу уақытымен 01:03-те ұшқан. Порталдың деректеріне қарағанда, ұшақ Рязан облысының аумағынан қайтып, Мәскеу облысының оңтүстік-шығысында шарқ ұрып айналған.

Tajik Air өкілдері бұл туралы әзірге мәлімдеме жасаған жоқ.