10:54, 18 Наурыз 2014 | GMT +5
Ресейден жағармай жеткізу бойынша бірыңғай оператор құрылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейден жағармай жеткізу бойынша бірыңғай оператор құрылатын болады. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының Сайлауалды тұғырнамасын іске асыру барысына арналған Үкімет отырысында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
«Мұнай өнімдерінің импорттық көтерме жеткізілімдерін реттеу және ішкі нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «ҚазМұнайГаз өнімдері» ЖШС Ресей Федерациясынан мұнай өнімдерін жеткізу бойынша бірыңғай оператор болып құрылатын болады»,- деді министр. Сонымен қатар, Е. Досаевтың айтуынша, республиканың ішкі нарығын молайландыру және мұнай өнімдерінің негізгі түрлерінің бағаларын тұрақтандыру мақсатында облыстар және Астана мен Алматы қалалары бойынша мұнай өнімдерін жеткізу кестесі бекітілуде, ай сайын бензин мен дизель отынына шекті рұқсат етілген бағалар белгіленеді.