Ресейді Бейжің -2008 Олимпиада алтынынан айырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік құрама Бейжіңде 2008 Олимпиада ойындарындағы 4х100 эстафетасында еншілеген алтын медалінен айырылды. Олар: Евгения Полякова, Александра Федорива, Юлия Гущина мен Юлия Чермошанская.

Ресейді Бейжің -2008 Олимпиада алтынынан айырды

Эстафеталық жүгіруден ресейлік квартет қашықтықты 42,31 секундта еңсерген. Екінші орынды бельгиялық  (42,54), үшінші - нигериялық (43,04) иеленген. Енді төртінші орында болған Бразилия командасы қоланы олжалайды.

Бұдан бұрын ХОК  Бейжіңде, Лондонда өткен Олимпиада ойындарында алынған сынама допингті қайта тексерудің екі толқынын жүргізген. Нәтижесінде 1243-тен 98 үлгі  (60 бейжің, 38 лондон) оң нәтиже көрсеткен.  14 ресейлік спортшы қайта тексеруден өткен жоқ.