Ресейдің 5 қаласында сайлау бөлімшелері ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 наурыз күні Ресейдің 5 қаласында сайлау бөлімшесі ашылады.
None
None

Қазақстан азаматтары Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Астрахань және Омбы қаласында Мәжіліс сайлауындағы алты саяси партияның бірін таңдап, дауыс бере алады. Бұл туралы Ресейдегі Қазақстан кеңесші елшісі Марат Сыздықов мәлімдеді.

Дипломат Ресей ақпараттық құралдарын дауыс беру барысын баяндауда белсенділік танытуға шақырып, тілшілердің тіркелу ережесін түсіндірді. Парламент Мәжілісі сайлауының жүргізілу барысын бақылау үшін халықаралық бақылаушыларды қосқанда 700-ге жуық адам тіркеледі деп жоспарлануда.

«Бұқаралық ақпарат құралдары үміткерлер мен саяси партиялар туралы толық әрі нақты ақпараттар таратуы керек. Қазақстан халқы Ассамблеясынан депутаттықа үміткерлерді таңдау негізгі сайлаудан бір күннен кейін, яғни 21 наурызда өткізіледі. Сайлаудың осындай да арнайы жүйесі бар. Бүгінде мұндай жүйе ешбір елде қолданылмайды», - дейді Ресейдегі Қазақстан елшілігінің кеңесші елшісі Марат Сыздықов.

Ал бақылаушы ретінде тіркелу 14 наурызға дейін жалғасады, деп хабарлады 24.kz. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлер тізімімен де танысты.

Соңғы жаңалықтар