Ресейдің Алтай өңірінде наркологиялық орталық өртеніп, 8 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Алтай өңірінде наркологиялық орталық өртеніп, қайғылы жайт салдарынан 8 адам қаза тапты. Тағы алтауы түрлі жарақаттар алған, деп хабарлайды 24.kz.
None
None

Бұл туралы жергілікті билік өкілдері хабарлап отыр. Төтенше оқиға Косихинский ауданына қарасты Озера Красилово ауылының маңында орын алды. Қайта қалпына келтіру орталығы таңертеңнен жана бастаған. Тез шарпыған жалыннан мекеменің аумағы 200 шаршы метр шатыры құлап, ғимаратты басып қалған.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Арнайы тексеріс жұмыстары басталды. Қаза тапқан азаматтардың есімдері анықталуда. Қылмыстық іс ашу мәселесі де қарастырылып жатыр.

Әзірге наркологиялық орталықтың коммерциялық емес қайырымдылық ұйымға тиесілі екені анықталды.

Соңғы жаңалықтар