Ресейдің Астрахань қаласында Ж.Жабаевтың 170 жылдығына арналған шара өтті (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астрахань облыстық филармониясында белгілі қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына орай салтанатты шара өткізілді.

Ресейдің Астрахань қаласында Ж.Жабаевтың 170 жылдығына арналған шара өтті (ФОТО)

Мәдени шараны Астраханьдағы «Жолдастық» қазақ мәдени қоғамы ұйымдастырды. Оған Астраханьдағы Қазақстан Республикасының консулы А. Сыздықов, Ресейдің Волгаград, Қалмақия, Саратов және Тюменьдегі қазақ этномәдени берлестіктерінің жетекшілері, «Жолдастық» қоғамының мүшелері, қаладағы мемлекеттік органдардың, ЖОО, ұлттық-сәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

«Ақмарал» би ансамблі би билеп, Жамбыл Жабаевтың туындылары орындалды.

Кеште Жамбылдың өмірінің түрлі кезеңдері мен творчествосына қатысты мұрағаттық видеожазбалар көрсетілді.

2 3 4 5 6